Біз үшін Ұлы отан соғысы ма, жоқ па?

Жеңіс күні жақындаған сайын 27 миллион адамда жалмаған 1941-1945 жылғы дүниежүзілік соғыс біз үшін, қазақтар үшін отан соғысы емес дейтін әңгіме әлем желіде қызу талқыға түседі. Бұны ушықтырғысы келмейтіндей «Ол соғысқа қатысқан ардагерлеріміз бар кезде айтудың қажеті жоқ, олардан ұят емес пе?» деп басу айтқандай болады. Енді біреулері КСРО біздің отанымыз ба еді деп қатқан бір өкпесін алға тартып жатады. Осылардың барлығын саралай келе келе бұның құр даурығу екенін айтқымыз келеді. Себебі, КСРО сол кездегі біздің отанымыз болды. Рас қазір отанымыз емес, сондықтан «Ұлы отан» деп біздің қазір айтқанымыз қисынсыз шығар, бірақ сол соғысқа қатысқандардың ұлы отаны болды ғой. Отан деген не дегенде – отан сен бағынатын биліктің шекарасы деп жауап берген емес пе. Отаны үшін от кешкендерді ардақтамасақ отаны үшін от кешетінін жастардай қалай тәлімдейміз? Сонымен қатар 9 мамыр біз үшін маңызды емес шығар, бірақ қан майда жүрген бабаларымызға жеңісті алып келген осы күн емеспе. Керек десеңіз бұл күн жастар үшін жай күн шығар, алайда аталарымыз үшін маңызды, тарих үшін маңызды. Өйткені елінің шетіне жау тигенде Қызыл Армия қатарына қазақстаннан 1 млн. 200 мың адамы, КСРО армиясында қызмет еткен 178 мың жауынгерге қосымша, алынды. Олардың 600 мыңнан астамы соғыс майданында немесе түрлі жарақаттардан қайтыс болды. Қазақстандық жауынгерлер барлық шайқастарға белсенді қатысты. Майданның барлық бағыттарында қазақстандықтар жаулармен батыл соғысып, ерлік пен патриотизмнің ғажайып үлгілеріне айналды. Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі үшін Қазақстанның жүздеген мың жауынгерлері КСРО-ның әскери ордендерімен және медальдарымен марапатталған болатын, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мен мұны неге айтып отырмын, сол құрметке лайық болғандардың көбісі қазақ ұлтынан емес пе. Сондықтан біз отан соғысының ардагерлерін құрметтей беруіміз керек-ақ.

Бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында қазақ ұлтының 103 аза­мат бар. Батыр Бауыржан Момышұлына берілмей қалғаны ғана жанға батады әрине. Қасым Қайсеновтің нағыз батыр атағын алатын қазақ жігіттері соғыста ерлікпен көз жұмды дейтіні бар. Ол көрген соң айтты. Сол кездегі Кеңес билігінің әділетсіздігін жеткізді. Міне, онсызда сондай әділетсіздікті көрген қазақ жауынгерлердің ерлігін ұрпаққа үлгі ете отырып, «Ұлы отанан қорғаған батырлар» деп айта беруіміз керек. Біз үшін Ұлы отан соғысы ма, жоқ па деп талқылаудың өзі артық.

 

Айлуна Жаңабергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *