Бір жылдары ішкі істер министрі түн баласы жайылымда жүретін жылқы, сыйыр, түйе малдарына жарық сәулесіне шағылысып көрінетін фосфоры бар ленталарды тағып қоюды міндеттеуді айтқан болатын. Өйткені үлкен асфалт бойында келе жатқан көліктер малдарды көрмей қалып қағып кететінін. Одан мал мен көлік шығыны болады. Ол ештеңе емес, адам шығынын айтсайшы. Соның алдын алсақ деген оймен айтса керек мал мойына көлік шамына жарқырап түсетін лента байлауды міндеттейік деді. Бірақ ол ескерусіз қалды. Ол кезде мен де онша назар аудар қоймап ем. Күні кеше көкеміздік көлігімен түнделетіп келе жатып асфалт бойындағы жылқыларға соғып кете жаздадық. Сонда барып әлгі ұсыныстың жөн екенін ұқтым.
Үлкен дәліз бойында болсын, ауыл, аудан ішілік жолдарда болсын түнде көліктердің малға соғу деректері ұдайы тіркеліп жатыр. Сондықтанмалдарға жарқырауық лента байлау керек дедім сапарластарыма. Онымді біреулер қолдада, біреулер қолдамады. Себебі, малға байлаған лента жаңғыл шеңгелдің арасында жүргенде ілініп түсіп қалады дестін. Сонда менен үлкен ағам «олай болса қытайға тапсырыс беру керек. Неге дейсіз бе, мынандай затқа. Бір краска ойлап тапсын. Сол красканы малдың денесіне жақса, ол жағылған краска түнгі көлік жарық шамымен жарқырап көрінсе» деді. Әп бәрекелді деп қояды үлкендер. Ақыл жастан деген сол. Бірақ мұны билік құлағына қалай жеткіземіз ә десті бірі әзілдеп.
Бұл әзіл емес, расымен қытайға айтса дереу жасап береді. Ал, бізде ондай бояу таба алатындай ғылым жоқ. Оған білім саламыз ренжімесін деді әкем. Ойланып қалдық, биліктің құлағына алтын сырға.
Айлуна Жаңабергенова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті