Жұрттың Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай деген сөзі осы біздің киногерлерімізге қаратып айтқан ау шамасы. Болмаса жұрттың түсірген кинолары өтімді, шынайы, адамды елітіп әкетеді де, бізде елдің отандық өнімдері құдды бір баланың апыл-тапылы секілді болып тәлтіректейді де жүреді. Тақпақ айтқандай жаттанды сөз, көріксіз қимылдар, ұзын сонар бос кадрлер, ұзыннан ұзақ ән мен би, қиюласпайтын сәттер. Тіпті, көре қалсаң ұяласың. Сапасынан ұялғаның былай тұрсын қазір мағынасынан да қай бетіңді шымшырыңды білмей қалатын кинолар шыға бастады. Олардың мемлекет қаржысына түсірілетінін қайтесің тағы. Жеке киногерлер түсіріп жүрген кинолар алаңсыз ата жолдан ада қалдырып келеді. Соның бірі кешегі «Дәстүр» киносы. Мақұл, оларды былай қойшы, мемлекеттен ақша алып, ақысын қайтара алмай қалған киноларға не дейсің.
Мәселен ел атауын біле бермейтін «Паралимпиец» киносына мемлекеттен 141 621 300,27 теңге қаржы бөлінген. Ол кино жарыққа шыққан соң кассалық түсіміне 25 569 980,00 теңге ғана түскен. Шығынға ұшыратқан шырақтарымнан мұның не деп жатқан билік жоқ. Тіпті ұлттық құндылықты насихаттайтын, мемлекет саясатын жүргізетін кино болса да өз шығынын өзі жабу керек ғой. Жоқ, бізде он есе шығын болып жатса да шыбын шаққан құрлы болмайды.
Шетелдің кинолары болса кино түсіруге кеткен қаржыны еселеп қайтарады. Айталық, бір ғана франциялық «Такс-2» киносын түсіруге1998 жылы 14 млн 500 еуро ақша салған. Ал, кассалық қайтарылымы 64 млн. 500 еуро болған. Әлемдегі ең шығыны көп кино деп бағаланатын бұл киноның тартымдылығы жоғары болғаны сонша әлем елдерін баурап алды және ғаламторда әлі сатылуда екен. Сол секілді «Такси-4» филміне 17 млн. 300 еуро жұмсалып ол 64 млн. 500 еуро табыс әкелген. Өткен жылы режиссер Джеймс Кэмерон «Су жолы» атты киносы жарыққан шықан соң екі аптаның ішінде әлем елдерін аралап 1,5 млрд доллар жинағаны айтылған болатын. Ал, әлем тұрмақ өз еліміздің халқы көре бермейтін киноларымыздың бір оңалмай жатқаны қалай? Сарапшылар есебіне назар салсаңыз жалпақшешей мемлекетті сауын сыйыр етіп алған киногерлер елді былай шығынға батырып жатыр екен:
«Боксер» киносына мемлекеттен 900 000 000 теңге бөлінсе, кассалық тапқан пайдасы 24 989 850 теңге ғана болған. «Алға» киносына мемлекеттен 468 519538 теңге бөлінген. Ал, табысы 15 524 150 теңге. «Время патриотов» киносына 1 000 000 000 теңге бөлінген мемлекеттен. Қайтарымы 10 432 660 теңге болған. Міне, елжанды, белсенділігіміз осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па. Мына атауды естіген жастар кино театрға ағылу керек еді. Алайда, қазақтың түсірген киносы құрысыншы дейтін көпшілік оған мойын да бұрмаған.
Ол ол ма «Огонь» деген киноға мемлекеттен 37 330 789 теңге бөлініп, одан 6 022 500 теңге ғана қайтыпты. «Нартай» киносынан болса 4 113 200 теңге пайда түссе, ол кино үшін мемлекеттен 380 000 000 теңге қарастырылған екен. Бұл не деген батпанқұйырық, айдалада жатқан құйырық деген осы шығар.
«Слепая любовь» киносына мемлекет қоржынынан 60 000 000 теңге бөлінсе, кассалық пайдасы 3 200 300 ғана болыпты. Ел біле бермейтін тығы бір кино ол «Хрдкор» деген филмь. Оған мемлекеттен 300 000 000 теңге қаратырылған болса, кино 2 306 000 теңгесін ғана қайтарған. Ар жағындағы шығын тағы сол мемлекеттің мойынында қалды. Демек киноны қызықты ету үшін ешқандай шығын шығармаған деген сөз. Киноға түсіру барысында макеттерге, макияждарға, киімдерге шығын шықпаса елді тартпайтыны да ақиқат. Ал, олар қып қызыл ашқа.
Әлем елдері қызықтап көретін 1941 жылғы басталған соғыс туралы «Лето 1941-го» атты киноны түсіру үшін мемлекет қоржынынан 697 237 309,70 теңге бөлінсе, оның кассалық қайтарымы 2 153 600 теңге ғана болған. Яғни, елді мүлде қызықтыра алмаған деген сөз ғой. Ондағы көріністердің нашарлығы, шынайылықтың өте төмендігі айтылып сынға да ілінген еді. Әрине ауызды қу шөппен сүрте бермейміз, алайда киноларымыз қазақ батыр, қазақ ғалым етсе дейміз да баяғы. Алдағы уақыттан да соны күтеміз.
Айлуна Жаңабергенова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті