Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №54-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу қызметтеріне 2026 жылдың 17 қыркүйектен бастап төмендегідей тариф бекітілді.
— жылу энергиясын өндіру қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 5978,45 теңге;
— жылу энергиясын беру және тарату қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4416,05 теңге;
— жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 386,40 теңге;
1 Гкал жылуға орташа босату тарифі ҚҚС-сыз – 10780,90 теңге, оның ішінде:
— халыққа 1 Гкал – 3753,26 теңге ҚҚС-сыз,
— бюджеттік мекемелерге 1 Гкал – 38991,73 теңге ҚҚС-сыз,
— басқа тұтынушыларға 1 Гкал – 8726,34 теңге ҚҚС-сыз,
— ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен жабдықтау – 4503,92 теңге.
Cараланған тарифтер:
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 2379,53 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4503,92 теңге, тұрғын үйлердің 1шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 150,47 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барақ типтегі үйлерде тұратын және орналасқан тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 3753,26 теңге, тұрғын үйлердің 1шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 125,39 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 6382,65 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 11346,36 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 36294,87 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 58472,73 теңге;
— ыстық суды жабдықтауға жеке есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін 1 адамға 1 айға – 720,63 теңге ҚҚС-сыз;
— ыстық сумен жабдықтауға жеке есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін 1 текше метрге – 258,97 теңге ҚҚС-сыз.
«ҚЖЭО» МКК-ны әкімшілігі.