Садақаны санама

Елге белгілі Сыр өңірінің ақындары бір мейрамханада бас қосады ғой. Сонда біреуі Ержеңіс Әбдиеев ке «Ереке, сіз математиксіз ғой. Мына мейрамхана қанша пайда табады депті. Ақкөңіл ақын әр столда 12 орындық. Бұл жерде 20 стол бар. 240 орын. Әр орынға 5 мың теңге, ол болады 1 млн. 200 мың теңге. Оның 3 мың теңгесі азық түлік пен қызметшілердің айлығы болса, әр орындықтан 2 мың теңге қалады. Сонда бір тойдан егесіне 480 мың теңге пайда екен депті мүдерместен. Сонда досы Мұхтар Ниязов «Ал, енді саған одан қанша пайда» деп өзгенің ақшасын санаудан еш пайда жоқ екенін әзілмен жеткізіпті. Сол секілді қара бастарына түк пайдасы жоқ, Алла жолында берілген садақаны, пітірді санайтындар көбейіп кетті. Өйткенде біреу әлеуметтік желіде «пітір жан басына  735 теңге болып белгіленді. Қазақстанда 20 млн. адам бар десек, оның жартысы пітір берді дейік. Ол деген 10 млн. адам. Демек Қазақстан бойынша осынша теңге болады екен дейді. Бұл ақшаға үйі жоқтарға үй алып беріп, жолды жөндеп, сусыз ауылдарға су кіргізу керек. Мұны арнайы прокуратура тексеріп, осы ақшаларды тәркілеп, мемлекеттің бюджетіне салсын» деп ел Президенті Қ. Тоқаевтың атына үндеу жасапты. Бір адамның сандырағы дерсің, алайда осы үндеудің астында мыңдаған адам қолдап пікір берген.

Ойлы адамға белгілі, мешіттерді ұстап тұру, имамдардың күнкөрісін тауып беру, қала берді қайырымдылық шараларын жасау осындай табыстан болып жатқан жоқ па? Оның үстіне жылдан жылға пітірді мешітке бермейміз, мұқтаж ағайындарға береміз деген ұстаным белең алып келеді. Дұрыс ғой, бірақ мұқтаж адамға көмек ету тек пітір садақаға қарап тұр ма? Мақұл, мешітке бермеңдер, алайда мешіт деген Алланың жердегі үйі, ондағы дін адамдары оның қызметшісі екенін ұмытпаңдар. Жер етінде азан тоқтаған уақытта ақырзаман орнайтынын да естен шығармайық.

Өткенде бір танысым үйде үш адамбыз, биылғы пітір үшеумізге 2200 теңге екен. Соны мұқтаж туысқаныма барып бердім. Өйткені мен мешітке де, Пайғамбарға да, тіпті Алланың бар екеніне де сеніңкіремеймін деп көкіп отыр. Айналайын ау, егер Алланың барын мойындамасаң мұсылман емессің. Мұсылман болмасаң саған пітір беру міндет емес ғой. Сосын мұқтаж ағайынға көмектесу үшін осы ораза айын күтіп жүрдің бе? Неге бұған дейін барып мұқтажын өтемегенсің дедім.

Біреуі бірінше дін емес, бірінші ұлттық құндылық деп қояды. Ұлттық құндылық деген не? Ұлттық құндылық деген ұлттың қалыптасу кезеңдерінде құнды тұтқан сенімі, әдеті мен әдебі. Сонымен қатар тұтынған мүлкі. Ал, қазақ ұлты ұлт болғалы исламның барлық шарттарын берік ұстанды емес пе. Егер бірінші ұлттық құндылық десең ата бабаң секілді ораза тұт, намаз оқы, мешіт ұста, қожа молдаларды қамты.

Қазірде ұлттық құндылық деп ешкімнің бес бидайы күйіп бара жатқан жоқ. Тек ата бабамыз асыл деген, Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген, одан арғы Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа» деген ислам дініне қарсы соғыс бұл. Ал, исламға қарсы соғыс деген сөз ұлттық құндылыққа, ата бабамызға қарсы соғыс деген әңгіме.

Сөз аяғында тағы Бұқар жыраудың «Екінші тілек тілеңіз, әзәзіл пасық заламның, тіліне еріп азбасқа»  дегенін алға тарта отырып, залымдардың тіліне еріп ата бабаң ұстанған исламға қарсы шығып, Алланың қаһарына ұшырап қалмаңдар.

 

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *