Қазірде Кеңестік әдебиетті қайта жазу керек, сұрыптап қарау керек деген мәселе көтеріліп жүр ғой. Әрине, қыруар қыржыны керек етеді, алайда ұлттық рух пен болашақ тәрбиесіне келгенде бұған бел буу керек секілді. Соның бірі бас киномыз аталатын «Қыз Жібек» киносын.
«Қыз Жібек» киносы әлі тағынан түскен жоқ, бірақ саралап қарайтын болсақ Кеңестік саясат пен тарихи қателіктер толы екені айтылудай-ақ айтылып жүр. Мәселен Сансызбайды Бегежанды өлтірмеген, оны Кескентерек деген қарақшы өлтірген, Жібек бақытсыз болмаған, өз сүйгеніне қосылып, шаттықты күй кешкен деген секілді дәйектер келтіріледі. Сонымен қатар мынандай да пікір бар:
-Қыз Жібек фильмi жақсы түсiрiлген ғой, Меруерт Өтекешова апамыздың сұлулығында сөз жоқ, тек тарихи оқиғаны бұрмалап жiбергенi болмаса. Сол кездегі солақай саясат солай болған шығар, олда түсiнiктi. Батырды Батырға өлтіртіп, Жайыққа кетпеген Жiбектi Жайықка жұтқызып, Батырының бетіне келмеген халықты Батырдың бетіне түкiртiп, Жағалбайлы руын Шекті руына жау қылып, қазақ қазақты көгендеп, қыл арқанын мойнына салып Сырлыбайдың алдын алып келдіріп әбден бүлінді.
Қатынға таласпаған қазақты осылайша әйел алдында дәрменсіз еткен кино жайлы одан әрі былай талдайды. Жесірiн жылатпаған, жыласада көрсетпеген қазақты, ат жетектетiп жесірлерiн елдің алдынан өткiзгенi кiмге керек болды екен. Бекежан батырдың балаларының кейін батыр болып қол бастағаны қайда? Бекежан батырды бір сюжетпен, кейінгі кезеңiне крест қоюы, бұл мақтанып айтатын кино емес маған,-дейді бүгінгі ел.
Елдiгiмiздiн рухын бұндай кино көтермейді, керісінше түсіреді деген халықтың ішінде: «Қыз жібек» киносы Кеңес өкіметі тұсында бұрмаланды дейік, ал «Жау Жүрек мың бала» фильмі ше? Жақында ғана түсірілген сол кинода Сартай батырды жоңғардың қолынан өлтіртіп, шайқаста шейiт қылады. Ал тарихта Сартай бабамыз 92 жас жасап, би болып Елiнiң абыройлы Ақсақалы болып өмірден өткен.
Мен сыншы емеспін, бiрақ кейінгі ұрпақ сол кезде бұрмаланған нәрселерді, жылдар өткен кезде қалай түсінбек. Қыз Жібек фильмін Кеңес заманында солай болды деп айтудан басқа уәж жоқ. Ал Сартай батырды ше? Ал сол Сартай батырдың ту сыртынан Таймас батырға тағы да оқ атқызып, тым жақсы болып келе жатқан оқиғаны быт-шыт қылады. Тарихта оқиға солай болды ғой деуге еш негіз жоқ. Сонда батырларды бір бірне шатастыра бергеннен не пайда?
Бiзде кино бір жақта, тарих бір жақта болады да тұрады. Шетелдік осындай тарихи киноларын көрсең барлығында жаудың қолынан шейіт болады, болмаса керемет батыр қылып шығарады. Ал, бізде басқаша. Сол бірімен бірі қырылысқан қазақ етіп көрсету.
Көршіміз орысты алайық, Екінші дүние жүзілiк соғысты тек қана орыс халқы жауды жеңген болып шығарды да, арасында ғана бiрең-сараң азиаттарды көрсетiп, соңына дейін ол азиаттарды таппай қаласын. Осылай жалғаса берсе қазақ халқының керемет сатқындықты сомдаган фильмдерi cорымыз болмаса бола береді деседі.
Не айтамыз, Қазақтың екі руының атақты екі батырын, Шектінің шүйкебасына таластырып, бір-бірін өлтірткен махаббат хиқаясы болды, басқа үлгілік ештеңе жоқ. Үш жүздің азуын айға білеген үш биін Шектінің ханының алдына әкеліп не үшін тізе бүктірді. Ағаш үй тіккенде шаңырақты ат үстінде тұрып көтергенді осы кинодан көрдік, ол атты кейін үйден сойып шығаратын болар. Күйеу баланы қыз ауылына әкеліп, отау тігіп қыздың қойнына салған салтты да осы кинодан көрдік. Бір күн түнеп, тесік моншақты көрсетіп, Жібектің бетіне соғып тайып тұрды. Жаудың емес Бекежанның қолындағы өз оғынан ажал құшты. Қос батыр Жоңғарды тас- талқан етіп жеңіп, жолда бір- бірін өлтірмеген шығар. Айта берсең ұлтқа қарсы саясат сарнап жатыр. Сондықтан м ұны жойып, қайта түсіру керек.
Айлуна Жаңабергенова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті