Ұлықман хәкім десе – оның ұлы емші екенін бәрі біледі. Жасаған емі, жазған ауруларын күллі мұсылман мақтан етіп айтады. Ал, Сырдан шыққан сардар емші Садық ахунды бүгінгі ұрпақ біле ме? Оны уақытында Француз, Неміс ғалымдары «Біз әлем медицинасын құрамыз. Сен соған жәрдемдес» деген ұсыныс жасалған. Одан жастар хабардар ма? ажалдан басқаны емдеген әйгілі емші неге біздің елдің медицинасының сиволы болмай тұр. Біз білмесек те әлемге аты аңыз болып таралған бабамыз жайлы әлі де билік ұғуы керек, назар салувы тиіс деп ойлаймыз. Олай болса әрі дін ілімінің алымы әрі ұлы дәрігер жайлы сөз қозғайық.
Қодарұлы Садық ахун 1890 жылы бұрынғы Түркістан өлкесі, Ақмешіт уезі немесе қазіргі Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында дүниеге келген. 1937 жылы қайтыс болған. Қабірі Сырдария ауданы Ақжарма ауылында.
Жоққа жұтамаған, мұңға мұқалмаған Садық ахунның әкесі Қодар атамыз мен кедеймін демей, балаларына жасынан хат танытып, білім алуына аса көңіл бөлді көзі қарақты жан болған. Балаларының ішінде Садығының зейін-зердесін ерекше бағалап, тапқан-таянғанын соның игілігіне жұмсайды. Садықты сол кездегі ауыл молдасы Тапал ахунның қолына тапсырады.
Садықтың білімге ықыласы Тапал ахунды қайран қалдырған екен. Садық 7 жыл оқып, ұстазының мектебін тәмамдағаннан кейін: «Енді қайда барып оқуға кеңес бересіз?» деп сұрайды бала Садық ұстазынан. Тапал ахун: «Бұдан жоғары білімді іздесең, Ораз ахунға барасың», – депті. Осылайша ұстазы Садыққа Қазалы уезіне қарасты, Жамансор болысы, 3-ші ауылда (қазіргі Қармақшы ауданы) тұратын ғұлама Ораз ахунға жібереді. Садық Ораз-Мұхаммед мешіт-медресесіне келіп, 2 жыл оқиды. Ораз ахун мешітінде Қожабай, Алдашбай, Әлібай, Тоқсанбай, Тапал, Шаймағанбет, Әбдікәрім, Баймағанбет, Табынбай, Қонар, Ақмырза сынды талай рухани тұлғалар тәрбиеленіп, білім алып шыққан жер еді. Сол қасиетті құттыханаға келіп табан тірейді.
Қуаңның атақты батыры Қалдан бір күні Садықпен біраз әңгімелесіп қалады. Осы сәтті пайдаланған шәкірт Ораз ахуннан білім алып болған соң Бұхарадағы «Көкәлташ» медіресесіне барғысы келетін арманын жеткізеді. Қолы ұзын, исөзі өтімді әрі мал мүлкі де жетерлік Қалдан ғыллым қуған жігіттің жолын ашуды ойлап, адам салдырып «Көкалтан» медіресесінен хабар алдырады. Сонымен, Ораз ахунның рұқсатын алғаннан кейін 32 жасында Садық анасы мен әкесінен бата алып, әйелі мен бір қызын қалдырып Әбдікерім және Алтын қожа деген замандастарымен Бұхарадағы Көкілташ медресесіне кетеді. Талантты бала ол жаққа барған соң іріктеуден тез өтіп, рұқсатнама алады. Осылайша ол жерде төрт жыл оқып, діни жоғары білім меңгеріп, медицина бағыты бойынша шатырқат алады.
Бұл діни жоғары білім алғанына қанағаттанбаған ол осы медресе жанындағы Иранның екі жылдық дәрігерлік білім беру бөліміне оқуға түсіп, білімін жетілдіреді. Бөлімде Әбу Ғали Ибн Сина мен әл-Фараби трактаттарынан дәрістер оқылған екен.
Бөлімдегі ұстаздар: «Садық, сенің болашақта үлкен дәрігер болып шығуыңда сөз жоқ. Енді Парижге, Францияға барып, сондағы медициналық оқуға түскенің жөн. Біз саған жолдама дайындап қойдық», – дейді. Садық бұған қуана келіседі. Бірақ кезінде Қалдан батырға: «Медресені бітіріп, Ораз ахундай үлкен ғұлама болып елге келемін, ағарту жұмысымен айналысамын» деген уәдиесі есіне түседі. Енді қайтпек керек деп отырғанда досы Дәулетназар ахун «Садық сенің жолыңды Қалдан батырға берген уәдиең тосып тұрған болса, сол антыңды мен орындайын. Сен ілімді дамыту тоқтатпа. Елге емші керек. Сенің орныңа мен барайын еліңе» дейді. Досының мұндай жанашырлығына риза болған Садық қуана келеіседі. Сөйтіп Сыр еліне Садықтың орнына Дәулетназар ұстаз болып келеді де, Садықтың өзі Иранға барып, авецина білімін меңгереді.
Ұлы ілімді бірнеше жыл жүріп оқыған садықты Франция, Неміс ғалымдары осы жерде шақырады. Бірақ оларға бармай, Садық Сыр өңіріне оралады. Сөйтіп өкпе, бауыр, асқазан жүрек ауруларына «пүл-пүл терази», «жәнжебіл», «иір», көкнәр суы, жалбыз майы сияқты шөптерді балға қосып, қайнатып, “шәрбат” деген дәрі жасаса керек.
Ал, тамыр, буын ауруларына «ойран», «талшын», «мүшкат», тамыр дәрі, «пәрпі» атты шөптер қоспасынан дәрілер дайындаған. Сөйтіп, ол қандай да бір сырқатпен келсін, аурудың диагнозын дәл қойып, барлығын дерлік сауықтырып отырған.
Соның бірі, академик Қаныш Сәтпаевқа жасалған аңыз емі. Ғалым Жезқазғандағы кен орындарын ашу жұмыстарымен жүрген кезде сапарлап Қармақшыға келеді. Сол жерде қан қысымымен ауырып қалады. Әріптестері дереу ғалымды Садық ахунға алып келеді. Емші Қанышты емдеп жазып, қосымша белсіздік деген ауыруынан да айықтырады.
Тағы бір әңгіме. Берістемов Өмірзақ деген жігіттің әйелі Күләйді қарақұрт шақса керек. Ахун барғанда ол өлім аузында жатыпты. Соны дұға оқып емдейді, ажалдан аман алып қалады.
1928 жылы, Маңдай Тілеулиев деген жігіт Қармақшы ауданы, Қашқансуда Өкіл қызметімен жүргенде кенеттен жүйке ауруына шалдығып, қатты қиналып, Садыққа жеткізіледі. Бірнеше күн емделгеннен кейін ол кісі сапқа қосылады. Мұндай мысалдар өте көп-ақ. Оған Тамды мен Кенымых, Жезқазған мен Ақтөбе, Әулиеата мен Манкенттен, Қарақалпақстаннан да сырқаттар келуші еді деп жазады «Садық ахун» атты кітапта.
Елге көп қызмет еткен Садық ахун да сталиндік қуғын-сүргіннің құрығынан тыс қалмады. 1932 жылы «Молда, көтерілісші Ақмырза ишанмен хат алысқан» деген айыппен тұт-қынға алынып, Алматыда түзету үйінде 4 ай отырған. Кейін бұл айыптан ақталып, елге оралады. Сөйтіп, 1937 жылы дүние салды.
Өтеп Айгерім
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті