«Мәмбет» сөзінің мағынасы не?

Жақында Адилям Ушурова есімді ұйғыр қызы әлеуметтік желіде: «Мамбет, твой народ (қазақтарды айтып отыр-авт) кроме бесбармака ничего не знал. Уйгуры вам глаза открыли… Надо вас нахуй в горы гнать. Чтобы навоз жрали» – деген болатын. Бұған өре түрегелген қоғам одан кешіріп сұратып тынды. Тіпті, ол соңында мен жазған жоқ едім деп ақталды.

«Мәмбет» деген сөз біздің санамызға соншалықты жексұрын, жиркенішті кейіпте еніп қалғаны сонша бұл сөзді естеген қазақ намыстан жарылып кетердей күйде тұр қазір. Өйткені кезінде біздің ұлттық болмысымыздың ұстанымын теріс айналдырып көрсеткен Кеңестік саясат өзімізден өзімізді жиерндіріп жіберді. Соның бірі осы сөз. Негізінде бұл «Мәмбетка» деген сөзден бастау алған. Яғни, етек-жеңі жабық, ұзын киінген, оранған қазақ әйелін шешіндіру үшін жасалған сасат болатын. Жабынып жүру жабайылық етіп көрсетті.

НЕГІЗІ МӘМБЕТ ДЕГЕН СӨЗ МАМЕТ, МАГОМЕД МҰХАММЕД ДЕГЕН СӨЗДІҢ ӨЗГЕРМЕСІ. Яғни, Мұмамметттің ізіне ерушілер деген сөз. Ал, ол заманда Пайғамбарымыз с.ғ.с ізіне ергендерді адасқандар деп түсініп адасқан еді. Шындығында біз пайғамбарымыздың с.ғ.с ізіне еріп, қақ жолын тауып, туралықпен жүрген едік. Аллаға шүкір қазір де. Олай болса біреу сізге «Мәмбетсің» деп жатса қуанғанымыз абзал. Себебі біз пайғамбарымыздың тура жолында жүре алғанымыз.

Олай болса асыл жан жайында сөз қозғай өтейік. “Пайғамбарға, Аллаһ ақиқатында да рахымын аямайды, періштелер де Пайғамбарға жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға сендерде аман – саулық, жақсылық тілеңдер (өйткені ол сендерді адасудан құтқарып, тура жолға бастады, қараңғылықтан жарыққа шығарды)” деген Жаратушы Алла Өзінің нұрлы жаратылысына періштелерді де бас игіздірген. Ғашықтық сүйіспеншілігімен “Хабибім” яғни “Сүйіктім” деген. Алланы сүй, бірақ Алланың нұрын бойына жиған, ғаламға қайталанып келмейтін дара тұлға пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жаратушымыздың Өзі рахымын аямайды. Аллаға бағынуымыз – Мұхаммедке (с.ғ.с.) бағыну! “Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады” Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың үмметінен болғанымызға мың шүкір! Хадис Құдси: “Егер сені жаратпағанда дүниені жаратпас едім” яғни Расулуаллаһтың құрметімен біз жаратылдық. Жаратылыс атаулыдан әуелі Расулуаллаһтың нұры, содан соң басқа дүние жаратылды Расулуаллаһтың нұрынан!
Пайғамбарлық Алланың ең сүйікті құлына берген мәртебесі. Сондықтан Алланың сүйіспеншілігін жүрегімізге орнатып, мәртебелі пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау – үлкен парыз! Ал есімін атаған сайын /Оған Алла тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!/ яғни /салаллаһу ғалейхи уә сәллам/ салауатын айту – сауапты амалдардан! “Алладан басқа тәңір жоқ!” – деп айтқан адам “Мұхаммед Оның Елшісі!” деп мойынсұнбаса, толық иман келтірмеген мұсылман. Яғни “Әшһәду ән лә иләһә илла Аллаһ уә әшһәду әнна Мухаммәдән абдуһу уә раслулуһу”.

Кеңес саясаты бұл сөзді де жайдан жай алған жоқ. Мұның түп төркінін тіл ғылымдары зерттей жатар. Қазақта Кеңес өкіметіне дейін Мәмбет деген есімдер болған. Оған мысал Мәмбетәлиев, Мәмбетов деген фамилиялар. Сонымен қатар Байзақ Мәмбетұлының да тегі осыны меңзеп тұр. Ол, ұлы жүздің Байзақ датқасы еді (1789-1864). Қазақстанның Оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына ұлт азаттық күресті ұйымдастырушы батыры. Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған адам.

Олай болса «Мәмбет» дегенге намыстанбаңыздар, оны айтушы адам адасқан, ал біз расында Мұхамметтің ізіне ерушілерміз.

 

Өтеп Айгерім

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *