Ауыл дүкеніндеріндегі айран, сүт пен қайран ет

«Ауыл деген жақсы ғой. Айран ішесің, ет жисің. Құрт, май. Болса жақсы, болмаса несі жақсы». Шаншар театрының осы бір әзілі ащы шындықты көрсеткен болатын. Расында ауыл деген жақсы ғой дейміз де, қалаға ағыламыз. Ал, ауылда қалған ел Нұржан айтпақшы аузынан ақмайы мен сары майы ағып отыр ма? Әлде, болмаса несі жақсы дегеннің күйін кешуде ме? Осыған орай аймағымыздағы бірнеше ауылдардың дүкендерін аралап шықтық.

Елді-мекендердегі сауда нүктелері айтарлықтай дамып, баяғы жайма базар атымен жоғалған. Ал, сатылымдағы заттарда ауыл өнемдері некен-саяқ, тіпті жоқ десек те қателесе қоймаймыз.

Қай дүкенге кірсеңіз де қораптағы сүт, айран, қатық толып тұр. Қолдың ағарғандары мен ірімшік, қауыншек, қауынқақ дегендерді емге де таба алмайсың. Неліктен қолдың сүті жоқ десек оған сұраныс аз, өйткені өте сұйық. Ал, қораптағы (ашымайтын сүттер) сүттер шайды үйіреді деседі. Қолдың сары май дегенді дүкендерден іздемей ақ қойыңыз. Қымызды атымен таппадық. Тіпті, жұмыртқа мен құс еттері ауылдарға қаладан тасымалданады тдегенде тыңғалдық. Бағалары да бағынғысы келіп тұрған жоқ. Айталық сүттің литрі 600 теңге, айранның 1 литрі 800 теңге, құс етінің келісі 2000 теңге деп тұр. Барлық өнімдер қаладан келген.

Айталақ, осындан төрт-бес жыл бұрын Қазақ­стан­ға 355 миллион доллар сомасында сүт өнім­дері импортталған екен. «Бұл рес­пуб­ли­камызға импортталған тамақ өнімдерінің 15 пайы­зы болады», – деп дабыл қақты сол кезде. Сүт өнімдері не­гі­зінен Беларусь, Ресей, Украина және Қырғызстан елдерінен тасымалдаған. Бірақ шетелге кетіп жатқан қораптағы жасанды сүт емес, кәдімгі табиғи сүт еді.

Қолдың сүті қазірде литрі 400 теңге шамасында. Алайда тұтынушылар «Қолдың сүті сұйық, су қосып сатады. Шайды үйірмейді. Сондықтан қолдың сүтінен көрі өкіметтік сүті жақсы» деп бағамдайды. Бұдан соң кәсіпкекрлік қайдан жүрсін.

Қауыншек, қауынқақ деген тағамдар Өзбекстаннан келіп жатыр. Кәдімгі қауыншек арнайы қаптамамен қаптиалған, бағасы удай. Біздің ауыл тұрғындары соны дүкеннен сатып алып жүр. Сол секілді Қырғыздардан келетін сыр, орыстардан енетін құрт, тіпті шетел асып келетін банкуідегі салаттарды қайтерсің. Сонда ауыл халқы осы өнімдерді өндірмей, дайын күйінде шетелден сатып алуы қалай. Бұл жүйенің жұтаңдығы емес пе.

 

Өтеп Айгерім

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *