Нүктелі массаж маманы — Шипа берсін қолыңа

Тибет деген елде алақан мен табаннан жүйке нүктелерін тауып, соны уқалау арқылы ем жасайды екен дегенді естуші едік. Бұл бір бізге аңыздай көрінетін. Еш дәрісіз, отасыз адамның ішкі ағзасына қалай әсер етеді деп таңғалатын едік, әрі күмән да жоқ болмайтын. Міне, сол дүдәмал хабарды қызылордалық Руслан Ибраев шындыққа айналдырып, нүктелі массажбен талай сөнген сәулелерге шырықа жағып үлгерді. Бұл саланың ізін індеткен ол Су Джок, яғни алақан табан деген массаж орталығымен қатар қазірде «Су Джок массажы» атты кітап жазып шығып та үлгерген.

Қызылорда қаласындағы «Үміт» дамыту орталығы, Әділ массаж орталығында ем дом жүргізіп жатқан маманмен жолығып, бір күнгі жұмысымен танысудың сәті түсті.

Нүктелі массаждың атағы Сыр өңірінде анау айтқандай шыға қойған жоқ. Өйткен бұл ем түрі бұған дейін болмаған еді. Аз уақыттың ішінде халық арасында таныла бастауы бұның нәтижелігі болса керек. Русланға ем іздеп келушілердің қатары сирек емес. Жаңа туылған баладан бастап, қарттарға дейін қаралып жатыр. Өйткені мұнда балалардың жүре алмай, талпынбай қалғандары мен үлкен кісілердің аяқ ауруы және инсульт алғандары емделіп, жақсарып шыққан. Не еңбектеп, не жүре алмай тек жата беретін балалар қазірде құлын тайдай шауып кетсе, инсульт алған егде кісілер таяқтарын тастаған. Өйткені маман жай ғана уқаламайды, сипай отырып жүйке нүктесін тауып, сол арқылы әсер етеді. Балаларда жиі кездесетін гипертонус, гепатонус, дистания, дисплазия, маймақ, майтабан, бас сүйегінің қысымы сияқты аурулар дәрімен емес, дәл осы массаждың көмегімен емделетінін айтады.  Бұл салаға келуім инсульт алып қалған анамды және баламның дерттеніп қалып, оны емдеуге өзім кіріскеннен басталды деген ол бір сұхбатында былай депті:

-Былтыр төртінші балам дүниеге келді. Қырқынан шыққанша түнімен жылап ұйықтамады. Балалар массажын зерттеп көрсем, гипертонус екен. Денесі шамадан тыс қатып қалған. Оқығаным бойынша массаж жасадым. Алғашқы сеансында-ақ ұлым тынышталып, ұйықтады. Екі айдан кейін екінші сеансты өткіздім. Бала өздігінен отыра алатын болды. Араға екі ай салып, үшінші сеансты жасадым. Еңбектеуге көшті. Он айындағы соңғы сеанста жүре бастады. Еңбегімнің қайтқанына қуандым», — деді.

Руслан Ибраевтың айтуынша, төрт топтағы адамдарға массаж ұсынылмайды. Олар — дене қызуы жоғары, қотыр, онкологиялық және туабітті жүрек ауруы бар адамдар. Маман былай дейді:

-Мұның пайдасы көп. Мысалы, адамда өкпе демікпесі (зоб) болса, табанының нүктелеріне массаж жасайды. Сол кезде ауруы басылып, екі айға дейін жақсы тыныстайды», — деді ол тағы бір сұхбатында.

Емге келгендер нүктелі массаж деген қалай болар екен деп келіп, нәтижесін көргенде қуаныштарын жасыра алмай, алғыстарын жаудырып жатты. Бұл ем біз үшін өте арзан әрі еш ауырсынусыз өтті. Қол аяқтан бөлек ішкі құрылысымызда да өзгерістен пайда болды деп тілмен жеткізе алмай жатты.

Жұмыс барысымен танысып, игі бастаманың куәгері бола отырып, тек жақсылықтар тілесіп қайттық. Өйткені халықтың ең бірінші байлығы денсаулық емес пе. Қолыңа шипа берсін емші бала.

 

Айлуна Жаңабергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *