Көңіл ақшамен өлшенбейді

Қазақта «Қуаныш бөліссең көбейеді, қайғы бөліссең азаяды» деген даналы сөз бар. Арма деген дәтке қуат демекші қуанышы бар үйге бара қалсаңыз мерейі көтеріліп шатқа бөленсе, қайғылы үйге барсаңыз жан жарасына ем, көңіліне медеу боласың. Сондықтан той дегенге жерге қу бас домалайды деген қазақ қайғылының қасында бол деп өсиеттейді. Тіпті, танымас жерде той думан мен қаралы жиын болып жатса да қазақ ат басын бұрып, армасын айтып шығатын болған. Ал, қазірде ше, той мен қазалы жерге бару тек ақшамен өлшенетін болып кетті.

Тойға маған пәлен әкеліп еді, мен түген апарамын, менің үйімде қайғылы жағдай болғанда ол түген теңге апарған еді, мен сондай етіп қайтаруым керек деген түсінік бар қазір. Әрине, сыйға сый, сыраға бал, бірақ бір-біріңе мұндайда демеуші болмағанда қандайда демеуші болсың. Бірақ, адам кеуілін ақшамен өлшеуге болмайды. Ал, біреуде дәл сол кезде ақша болмай қалды, не сонда кеуіл айтып баруға ұят па? Неге өлімнен ақша күшті болып тұр. Қайғылы адамға сенің ақшаң емес, әуелі пейілің керек емес пе? Тіпті, қазір жағайынға барғысы келмейтіндер көбейген қазір. Неге десең қазір қалтамда ақша болмай тұр дейді. Түсінеміз, берген ақшаң дәптерге жазылады, кейін оны үй егесі көріп мынау осындай-ақ әкелген бе дейді. Одан қалды аз ақша жаздырып жатқаным атыма ұят деп пенделікті паңқытамыз. Ал, қалтаңда ештеңе болмай жаздырмай кетсең кейін шығайбай секілді болам деп қымтырыламыз.

Пәндәнің несібесі немесе менің аброй беделім ғой, жаназаға мына ақша түсті, мынша адам жиналды деп мақтанатынымыз да жаман. Бұл, ол дүниенің мекеніне кетіп бара жатқан адам үшін ауыр емес пе, ауыр.

Жаназаға жиналған адам ең бірінші бақилыққа бара жатқан адамның жаназа намазына қатысу керек. Ол кісі қандай еді дегенде көп адамның «Жақсы адам еді» деген куәлігі ғана марқұм үшін маңызды. Ал, ақша бергенің артындағы қалғандарына берген садақаң, демеушілігің. Алайда, сол садақаны, демеушілікті сол жиналған адамға шаш деген қағидат жоқ. Біздің сол бергеніміз құдды «Мен сенің үйіңнің өлігіне келдім, өз тамағымды өзім алып келіп отырмын. Енді маған жағдай жаса» деп берген қаржы іспеттес. Болмаса неге көмекке ақша береміз де, сол үйде отырып құстың сүтінен басқасының барлығы қойылған дастарханнан ас ішіп, тісімізді шұқып шығып бара жатамыз. Бұл «Өлік бардың барын шашу, жоқтың артын ашу» деген сөзге саяды. Сондықтан ағайын қазалы жерде де, тойлы жерде де бірінші кезекте сенің ақшаң емес, бөліскелі келген пейілің екенін ұмытпа.

 

Айлуна Жаңабергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *