Топан су топалаңы

Жер сілкіну, қуаңшылық, дарияның тартылуы, дала өрттерінің көбейіп кетуі, жаңбырдың топан суы дегендей апаттар жиілеп кетті. Кеше ғана Түркістан облысындағы жағдай анау. Жаңбырдың салдарынан тұтастай бір ауыл зәбір көрді. Бір таңғаларлығы ауарайын болжаушылар жауын шашын болатынын айтып ескерткенмен, төтеншеліктер бұған мүлде дайын болмаған. Жергілікті билік те елге алдын ала қауіпті ескерпеген. Бар сылтаулары бұл табиғи апат деп отыр. Бұл бір ғана жағдай ғой, бұдан басқа көптеген қамсыздық елді қызыл қырғынға ұшыратып келе жатыр емеспе. Бұған ешкім жауапқа тартылмауы қалай. Жауын салдарынан су тасқыны болатынын алдын ала біле алмайтын ғылымыз сондай сорлап жатыр ма?

Апаттар мен зілзалалдар неге жиілеп кетті. Бұған Ванга деген көріпкел кезінде жауп айтқан болатын. Ол адамдардың бір біріне қарғысының салдарынан апаттар болады деген еді. Ал, адамдардың бір біріне деген қарғыстары неден туындайды. Әрине, ұлттық идиологияның нашарлығынан. Азғындық пен қиянаттың күшейуінен. Нұх пайғамбардың қоғамына да жасалған ескерту халқының азғындығынан еді. Нұх қауымы азғындық жасамаңдар деген ескертуді тыңдамай азғындық пен бұзылғанның үстіне бұзыла берді. Ақыр соңында топан су басты. Олай болса қиссаларда келген белгілерді айтайық.

Нұх қоғамына топан су келместен бұрын ескертулер жіберілді. Өйткені Нұхтың қауымы Алланың бірлігі мен пайғамбардың ақиқаттығы жайлы айтқан уақытта олар келеке етті. Қазір де сондай күйге ойыстап келеміз. Сондықтан қайтпек керек.

Ата бабамыз ұстанған түзу жолға түсіп, руханиятқа барынша жақындауымыз керек. Жесірін қаңғыртып, жетімін жылатпаған болмыс, ер тұрып әйел сөйлемеген, алдын кеспеген әдеп тал бойымызға қайта оралуы керек. Ер адамдарды құл ететіндей мақсаттағы гендерлік саясатқа тосқауыл қойылсын. Жемқорлықпен күресу үш             пнолін билікке келген тұлға мен қатар жақындарының да баюына мүлде жол берілмесін және бауырлары мүлде мемлекеттен қаржы алып кәсіп етпесін.

Бұл Алланың ескертуі, азғындықтан арылуымыз керек. Ұлттық болмысқа қарай ұмтыла отырып, қоғамды жөндемесек, бір тасқанның астында кетпесімізге кім кепіл.

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *