Қазақстанда «мұнайсыз болашақ» бар ма?

Кешегі Кеңес өкіметі қазақтың алдынан малын алып қойғанда қынадай қырылып, айдың күні аманында ашаршылық болып «Алхамдулилла алты миллион қазақпыз» деп жүрген қазақ саны қаусап қалған жоқ па? Елдің басына келген аштықтан қалай қырылғанына таң болатын бүгінгі ұрпақ «қазақ даласы сыңсыған орман, іші қазандай қайнаған аң құс. Балығы тайдай тулаған көл мен өзен. Соны неге пайдалана алмады. Оған ешқандай ғылым білім керек емес ғой» деседі. Ол кезде ғылым, білім болмады, өндірісті игеру, шикізатты тұтыну дегенге өреміз жетпеді дейін десең бабаларыңды қимайсың, олай демейін десең расында солай болды. Мәселен, қазір қолымыздан мұнаймызы кетсе құдайымыз құтқарып қалар қырымыз жоқ. Мұнайымыз бардың өзінде балқып шалқып жатқанымыз шамалы. Болмаса әлем елдерінің ішінде мұнай қорынан 11 орын аламыз. Мұнайдың халық санына шаққанда алдыңғы үштіктеміз.

Мұнай түрлі транспорт үшін тиімді табиғи отын ғана емес, күнделікті пайдаланып жүрген пластмасса, синтетикалық мата, бояу, жеп жүрген дайын қатырылған не түрлі тәттілер осы мұнайдан шығып жатыр. Көмірсутек шикізатының бұл түрі өнеркәсіпте жасалатын өнімдердің 90 пайызының құрамдас бөлігі. Бұл заттарды өндіретін өндірістерге мүлде маман дайындап жатқан жоқпыз. Мысалы біздің облысымыздағы колледждерде мұнай газ мамандары мұнайды жерден сорып алу, шикі зат ретінде тасымалдауды ғана оқиды. Әлем ғалымдары жер астындағы мұнай қоры енді 40 жылдай ғана уақытқа жетеді деп отыр. Әр маманды дайындауға 5 жыл уақыт кетеді. Демек қазір мұнайдан түрлі өндіріс жасайтын мамандарды дайындасақ 35 жылдай нанын жейді екен. Сол уақыттар аралығында ел әлеуетін көтермей ме.

Өткен ғасырдың 50-ші және 80- ші жылдары арасында шикі мұнайды тұтыну алты есеге артса, 2016-2020 жылдары көрсеткіш небәрі 27 пайызды құраған. Табиғи отын бүгінгі таңда әлемнің жүзден астам елінде өндіріледі. Ал, Сауд Арабиясы, Ресей, АҚШ және Ирандағы өндіріс көлемі әлемдік көрсеткіштің 40 пайызын құрайды. Ірі компаниялар теңіздің түбіндегі табиғи резервуарлардан айдау арқылы қайраң мұнайын игеріп жатыр. Мексика шығанағында орналасқан Independence Hub қалқымалы платформасы теңіз түбінен мұнай өндіретін ең терең нысан болып саналады. Тереңдігі – 2414 метр. Ал, өзіміздің Шығанақтағы Petronius стационарлық платформасы жоғары қарай 609 метрге дейін жететіндіктен, әлемдегі ең биік құрылым ретінде тіркелген. Бүгінде өндіріліп жатқан мұнайдың сапасы күн санап төмендеп келеді. Жоғары күкіртті ауыр мұнайдан гөрі жеңіл мұнай түрі таусылуға жақын қалып отыр. Соңғы онжылдықта мұнай өндірісінің жалпы көлемі газ конденсаты сынды газ өндірудегі жанама өніммен, сондай-ақ битуминозды құмдар мен тақтатас майы сияқты дәстүрлі емес көздер арқылы қамтамасыз етілді деп айтуда.

Мұнай мәселесі төңірегнде мәселе көп. Оны шешеміз деп жүрген бұл да таусылады. Содан соң қайтпекпіз. Баяғы малдана йырылғанда аңырап қалған бабаларымыз секілді боламыз ба? ойлы ерлер осыны ойлау керек ақ.

 

Айлуна Жаңабергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *