Өзбекстанға барып келген әріптесіміз «Афросиаб» жүрдек пойызының жылдамдығын айтып аузын ашып, көзін жұмып келді. Біздікі секілді есек пойыз емес, сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүреді екен. Ал, біздің Талгомыз небәрі сағатына 120 шақырым жүреді ғой. Ол ол ма атасына рахмет алашапандылар жолаушыға өте жақсы қарым- қатынас жасап, шай ұсынып, жай күйіңді сұрап бәйек болады екен. Ал, біздің жолсеріктер болса ханның тағын қолында ұстап тұрғандай қатқыл ғой деген ол салыстырмалы түрде өкпесін айтты.
Біздің жолсеріктер шай ұсынбақ түгілі жай ғана жайдары жүзін де ұсынбайды ғой. Түсер кезінде төсек-орындарыңды тапсырыңдар деп зіркілдейтінін қайтерсің. Негізінде жолаушы ақ жайманы (постельді) өткізіп жүрмеуі керек. Екіншіден біздің ел неге «Тұлпар-Талго» пойызын алған, неге өзбекстан секілді «Афросиаб» пойызын алмаған деп өкпе етті.
Өкпесі орынды, бірақ мамандар «Афросиаб» та, Талго (Talgo) да испандық Patentes Talgo S.L.U. компаниясы. Біздің елге бейімдеп шығарғаны Тұлпар- Talgo аталса, Өзбекстан еліне биімделіп шығарылғаны «Афросиаб» деп аталады. Афросиаб – Samarkand (Самарқанд) қаласының ежелгі қонысының атауы. Көршілеріміз өз атауларына біз секілді Talgo атауына жалғатпаған. Ұлтшылдықтары шығар. Ал, біз өзге тілде сөйлеуге құмармыз. Тұлпар-Talgo демейміз, Talgo дейміз. Бұған атау берген мемлекеттің де кінәсі.
Енді Өзбекстандағы жоғары жылдамдықты электропойыз Афросиаб жайлы айта кетейік. Ол пойыздың максималды коммерциялық жылдамдығы шамамен 230–250 км/сағ дейін жетеді. Мысалы, Ташкент пен Самарқанд арасындағы теміржол қашықтығы шамамен 300-350 шақырым десек осы сапарды 2 сағат 10 мин жүріп өтеді. Көршіміздің теміржолы халқаралық талаптарға жақын. Сондықтан осындай жылдамдықта жүре алады. Ал, Тұлпар-Талгоның кәдімгі жолаушыларға арналған үлгілері 200–230 км/сағ жүрсе, жоғары жылдамдықта жүретін «Talgo 350» маркалісі 330–350 км/сағатқа дейін жүре алады. Бірақ біздің Қазақстан темір жолының жағдайы бұл пойыздардың сағатына 120 шақырымнан артық жүруіне жағдайы жетпейді. Кей аймақтарда сағатына 140-160 км сағат жүреді деген мәліметтер бар. Яғни, «Афросиаб» пойызына қарап ауыз аштырып отырған жағдайлар біздің зерттеуімізше мыналар екен.
Негізгі себептері:
1 Теміржол инфрақұрылымы
Көп бағыттар (мысалы, Астана – Алматы) кеңестік кезеңде салынған.
Жол табаны, бұрылыстар радиусы және рельс сапасы 250 км/сағ жылдамдыққа толық сай емес.
2.Арнайы жоғары жылдамдықты желі жоқ.
Испания немесе Қытайдағыдай бөлек high-speed желі салынбаған. (High-speed желі деген жоғары жылдамдықты желі деген сөз. Бұл желі деректерді өте жоғары жылдамдықпен тасымалдайтын компьютерлік немесе телекоммуникациялық желі. Мұндай желі ақпаратты (мәтін, видео, аудио, файлдар) қысқа уақыт ішінде жіберуге мүмкіндік береді).
3.Пойыздар жүк және жолаушы пойыздарымен бір жолды бөліседі.
4. Қауіпсіздік шектеулері
Жол бойында өткелдер, станциялар, қисық учаскелер бар — мұнда жылдамдық автоматты түрде шектеледі.
5. Ауа райы қыста қатты аяз, жел және қар да жылдамдықты азайтады.
Қысқаша айтқанда Пойыздың өзі жылдам, бірақ жол жағдайы толық 250 км/сағ жылдамдыққа арналмаған. Түсінікті. Жол жағдайы өзбектердей толық 250 км/сағ жылдамдыққа лайықталса онда Қызылордадан Алматыға баратын уақыт үш еседей қысқармай ма. Қазір Алматыға жолаушылар пойызымен салдырлап 21-24 сағатта барып жүрсек, ол кезде 7-8 сағатта жетіп баратын боламыз. Ондай болып жатса жолаушылар бірыңғай поезға отыруға көшетіні сөзсіз. Автокөлікке мінбейді анық. Ұшаққа да асығыс болмаса адамдар міне қоймайды. Жолаушылардың қауіпсіздігі де артады. Өйткені пойыз ең қауіпсіз көлік түріне жатады.
Қазақстан теміржолы басшылығына сұрақ:
1. Қазақстан теміржолының біз айтқандай алдағы уақытта Тальгоның жолын сағатына 250 шақырым жылдамдыққа лайықтау жоспарында бар ма? Болса қай кезден басталады.Қай аралықтар қамтылады?
Айтпақшы Өзбекстанға барып «Афросиаб» пойызына аузын ашып, көзін жұмып келген әріптесіміз Қазақстанға өткен соң өзіміздің Талго пойызына отырған ғой. Ой, құрысын есекаяң жүріс болдық та қалдық, дейді қынжылып.
Ирина Ақмырзаева