Төрт құбылаң тең болсын немесе төрт құбыласы тең тұрғанда пенденің бар ма уайымы деген секілді сөз тіркестері бар. Бірақ төрт құбыла деген не екенін білмей, біреуін туған жерің, біреуін тілің, біреуін ағайының енді біреуі өзің деп жатады. Алайда бұл қате жорамал.
Қазақ бет түзер құбылаға үлгі тұтар, құрмет етіп бас иер ата-ананы ғана теңеген. Мәселен Шал ақын:
Мәккә менен Мәдине жердің ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Атаңменен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші,-дейді. Сол секілді Айнақожа ақын: «Ата анаң кәгбаңғ ата әжең де» деп жырлайды. Дінімізде ата әжең де ата ананың қақысында екенін қадам айтады. Демек қазақтың төрт құбылаң тең тұрғанда деп айтқаны өз әке шешең мен ата әжең. Осы төртеуі тірі тұрғанда қай баланың арманы бар дейсің. Бір қолтығыңнан Меккең, бір қолтығыңнан Мәдинең демеп жүргенде балалық шақ жұмақ емес пе. Қазақ теңеуінің астарында осы жатыр еді.
Ибрагимов Дильшат,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті