Ессіз әндер тез ескіреді

Кеше бір тойда 1Қызсың бірақ қыз емессің, сондықтан да қарамаймын» деген ән шырқалсын кеп. Қазіргілердің сөзі де түсініксіз ғой. Мұнысы несі, қағыс есті қалдым ба деп қайта құлақ түріп ем, шынында сондай сөзі бар екен. Мынауысы несі деп ашуға булығып, орнымнан ұшып түрегелдім. Сөйтсем мұны ұнатпай отырған ағам «аптығыңды бас, бұл ән де айға жетпей жатып ешкімге керек емес болып қалады» деді. Содан кейін барып тоқталдым. Расымен баяғы:

-Сенесем бе екен-ай,

Көнсем бе екен-ай.

Құшағыңа енсем бе екен-ай,-деп шырқалған ән де сахнадан түсті ғой деп сабырға келдім. Өйткені ессіз әндер тез ескіріп жатыр, әрі қазір ән шығару деген сандырақтаған адамның сөзі болып қалды ғой. Ал, есті әндер көнере қоймайды. Расында қараңызшы «Қалқатай», «Екі жирен», «Сағындым Алматымды», «Анашым шалқып күлсең», «Япурай», «Балқадиша», «Бір бала», «Жеңеше» деген әндер ешқашан ескірмек емес. Ұлт тәлімі осындай әндермен ғана қалыптасады. Ал, ана ессіз әндер тез ескіріп шіріген жұмыртқадай керексіз болып қала бермек. Ендеше естеріңізге бір әнді салайын, сөзінің мағынасына мән беріп, әуенінің иісін аңғарып, рухани бір болмыста әуелетіңіздерші.

 

Қамажай
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Қ а й ьі р м а с ы:

Ахау хайлилайьм, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмауихы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.

Қ а й ы р м а с ы.

Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.

Қ а й ы р м а с ы.

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Ауылына Қамажайдың барып жүрсе. Қандай керемет әндер десеңші. Мағынасы бір бөлек. Сонымен қатар Шәмші әндері еш ескірмейді ғой. Жастар да осындай құнды дүниелерді талғасы деймін.

 

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *