Шөп те той, шөңге де той

Той бітпесін ғой, бірақ қазіргі тойлар дарақылық пен малшашпаққа, ретсіз көріністерге толып кетті. Жыртыл қазақ жыртыл демекші бар қаржысын желге шашып, болмай жатса қарыз не несие алып түкке тұрғысыз не сайқымазақтың тірлігіне құртып жүрміз. Қызды ұзатушы жақ он миллион жұмсапты, біз он үш миллион жұмсадық деп паңқыған бір туысқанымыз сәлден соң «балам мен келініме жұмыс керек еді. Олар пәтер жалдар тұрып жатыр деп мұңайды. Ішімнен ойлап қоямын да, ана шашқан ақшасына үй мен машине алып беріп, жұмысқа тұрғызбай ма.

Бір мейрамханада аста төк той болып, опа далапқа әбден бөккен әйелдер мен шырт шырт түкіріп тұрған ер азаматтарға барып не тойлап жатырсыздар деп сұраған болатынбыз. Немереміз балабақшадағы жоғарғы топқа өтті дейді. Әлгі баланы атқа мінгізіп, 200 теңгеліктерді кәмпиттің қағазына орап тұрып шашты. Асаба да «Мұндайда той тойламағанда қай жерде той тойлайсың» деп елді құтыртып, ойхойлатып ойқастап жүр. Қайтсін енді ақша табу оңай ма. Балабақшаның бір жылын аяқтаған бөбекке шапан жапқанын қайтерсіз. Құдай ау қадірің қалмапты ғой қайран шапан деп шашылып жатқан елді көріп бармақ тістедік. Енді бір мейрамханада балабақшаны бітіріп жатқан балақайдың тойына жолықтық. Енді ол жердегі жол жоралғы мүлде бөлек. Әлгі ұлы отан соғысын аяқтап келіп жатқан сарбаз секілді болып ортаға шықты. Ол балаға өзінен үлкен торт әкелініп, үстіндегі жүз шырақты балаға өшірткісі келді. Оны бала қайдан білсін, қолымен ұстап ала жаздады. Үстеріне бір жарлының бір айлық пәтер ақысының киімін киіп алған, тіпті одан да қымбат шығар, әйтеуір малынып киінген принцесалар баж баж ете қалды. Біз де ойбай байқаңдар деп тұр ұмтылдық. Әй мына жүз шырақты неге жаққансыңдар десек баланың жасы жүзге жетсін деп жақтық дейді.

Одан тағы бір мейрамханаға бардық. Одан бастауышты бітіріп жатқан баланың тойы екен. Бір қызымнан бір қызым сорақы келді демекші мұндағы жыртылу басқа жыртылулардан бөлек екен. Геленваген машинасымен келді шөнжікбас. Қойш одан мұндай асыра сілтеудің бір күнде жетуін көрдік.

Мектеп бітіргендеріне 10,15,20,30,50,60 жыл болған түлектердің әрекеттері тіпті ұялтты. Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады демекші ақ бантик тағып, ақ фартук киген 40 жылдық жасаушыларды көрдік-ау бір кездері. Әр сала маманының киімін киіп сахнаға шыққан кластастарды қарсы да алдық. Білмеймін, әйтеуір бір дарақылық.

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *