Арқы жылы болса егер, арқар ауып несі бар

Арқадан арқарлар неге ауады деп сұрапты әкесінен ауандау бір жігіт. Сонда әкесі «Арқа жылы болса егер, арқар ауып несі бар» деген екен. Сол секілді біздің биліктегілер шетел асып жұмыс іздеп кетіп жатқан жастар кінәлапты. Олардың құқығын қорғамақ түгілі өткенде бір қалаулы «Шетелде жұмыс жасап жүргендерге табыс салық салдыру керек» деп көкіті. Айналайындрау, елде жақсы табысқа жұмыс болса, құқығы қорғалып, адам сынды жұмыс жасай алса жастардың шетелге кетіп несі бар.

Қазақстаннан шетелге кетіп жұмыс істеп жүргендер туралы нақты бір ғана сан жоқ, өйткені бір бөлігі уақытша еңбек мигранттары, бір бөлігі тұрақты көшіп кеткендер. Бірақ ресми статистика мен зерттеулерге сүйеніп, жалпы көріністі былай сипаттауға болады: 2024–2025 жылдары шамамен жылына 12–140 мың адам шетелге жұмыс немесе көшу мақсатымен кеткен. 2011–2022 жылдар аралығында 367 мыңнан астам адам Қазақстаннан тұрақты кеткен. Яғни бұл — айтарлықтай үлкен көші-қон ағыны. Соның ішінде жастар үлесіне келетін болсақ. Шетелге кететіндердің басым бөлігі – жастар (18–35 жас), Кей деректерде 18–30 жас аралығы ерекше белсенді екені көрсетілген.

Жалпы кеткендердің шамамен 72%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар дейді.

Білім деңгейіне келетін болсақ шетелге кеткендердің: 38%-ы – жоғары білімді,

34%-ы – техникалық/кәсіптік білімді, яғни әр үшінші адам – жоғары білімді. Кемінде 30–40% — жоғары білім иелері, жалпы 70%-ға жуығы – білікті мамандар деседі деректер.

Енді ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың ішінде дәрігерлер, инженерлер

IT мамандары, оқытушылар мен зерттеушілер жиі кездеседі екен. Сарапшылар бұл құбылысты “brain drain” (интеллектуалдардың кетуі) деп атайды.

Бұлар көбіне Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Канада сынды елдерге ағылуда.

Өзімізге жұмыс күші мен білімді жастар жетіспей жатқанда неге шетелге ағылады. Ол үшін мамандарға, жұмысшыларға деген құрмет, жақсы жалақы, жай мен жағдай жасалу керек. Бұл бүгіннің мәселесі.

 

Өтеп Айгерім
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *