Шал шапан таратуды қою керек

Шапан қазақтың ұлттық киімі. Кезінде ең құнды сыйлық болды, құрметті адамына жабылды. Қазіргімен айтқанда ол кездегі бір шапан қазіргі ең қымбат костюм шалбардан да бағалырақ еді. Шапанға қол жеткізу өте қиын болатын. Сондықтан құрметті деген адамға ғана шапан жапқан. Сол дәстүрді ұстанбақ болған бүгінгілдер қытайдың тігіп жатқан еш формасы жоқ, сәні келіспеген, адам денесіне ыңғайсыз болатын «Жаулық шапан» аталық кеткен шапанды шүленше таратады. Ал, оны алған адам пайдалана алмайды, не жыртып шүберек етіп іске асыра алмайды. Мұндай шапандар әркімнің үйінде он онбестен жатқан шығар.

Егер шынымен сыйлы адамыңа киім кигізгің келіп бара жатса оған сыйатын костюм шалбар, заманай полто не өзге де бағалы да, жағалы киім кигізіңіз. Егер шапан жабу дәстүрін орындауым керек десеңіз «Кабинеткі» деп аталатын, жиын тойға, тіпті қоғамдық орын мен мекемелерге де киіп бара алатын шапан үлгісіндегі киімді сыйлы мейманыңыздың иығына жабыңыз. Ол қазір базарда 15-20 мың теңгеден басталады. Сонда сыйлығыңыз кәдеге жарайды, шапанымыздың атына кір келтірмейді.

Мысал әңгіме. Пайғамбарымыз Мұхаммет с.ғ.с миғражға көтерілгенде қасында Жәбірейіл а.с болды. Сонда қолдарында шапаны бар, ат жетектеп бара жатқан періштелерді көрді. Жәбірейілде бұлар кімдер сұрады адам заттың асылы Мұхаммет Мұстафа. Сонда Жәбірейіл: «Бұлар сенің үмметіңнің бір тобын күтіп алуға бара жатқандар» деп жауап берді. Пайғамбарымыз ол қандай мәртебелі үмметім еді деп сұрады. Сонда Періште «Ат меніп, шапан жабылатын үмметерің бұл мәртебеге ата-анасын соншалықты құрметтегені үшін лайық болды, деген екен. Қазақтың ат мінгізіп, шапан жабуында осындайбір сыр жатқан іспетті.

 

Айлуна Жаңабергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс сткденті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *