Жерді тепсініп жүрме

Бала кезімізде ашуланғанда, ренжігенде «Ту» деп жерді тепсіне қалсақ үлкендер жағы «тәйт, жер ананы тепсінбе, жаман болады» дейтінді. Ал, себібен сұрасаң, тек жаман боладыдан басқаны айтпайтын. Сондада жаман боладыға иланып, тыйылатынбыз. Ал, қазіргі жастарға мәнісін айтып бере алмасаң «бұл соқыр түсінік, не Аллаға серік қосу» деп тыйымдарымызды жоққа шығарады. Сондықтан осы бір жерді тепсінбеу жайлы тыйымды талдаған с. Алдашбаевтың «Сал пен сана» кітабына сүйене отырып талдама жасап көрсек.

Мұхаммет с.ғ.с уақытында әйелдер киімінің жағалары кең болуына байланысты көкіректері оқыс қозғалыс кезінде ашылып қалатын. Сондықтан кимешек киу бұйырылды. Сондай-ақ, тобықтарында алқа барын білдіру үшін аяқтарын жерге ұрып жүретін. Бұл мақтаныш, өзгеден өзін артық санаудың бір жолы болатын. Сондықтан Алладан келген бұйрық бойынша аяқтарын жерге ұрып жүруге  тыйым салынды.

Алла былай деді: «Момындарға айтқын, танымайтын адамдарға тесіліп қарамасын. Әуреттерін жапсын, сыртқы сәндіктерін басқа сәндерді әшкере қылмасын,көкіректерін жапсын. Сән бұйымдарын ерлерінен, аталарынан, не ұлдарынан, не өзге аға-інілерінен, не аға інілерінің ұлдарынан, не нағашыларының ұлдарынан, не діндес әйелдерден, не қол астындағы күңдерінен, не әйелдерден, еркі жоқ қызметшілерден ешкімге көрсетпесін.)Сән бұйымдарын кісілерге білдірмеу үшін аяқтарын жерге ұрмасын.Әй, момындар бақытқа жетеу үшін Аллаға тоба қылыңдар.»

Міне, дана қазақ барлық ырымдары мен тыйымдарды хақ діннің негізіне және табиғат талаптарына сай жасады.

 

Өтеп Айгерім

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *