Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының 2026 жылғы 2 маусымдағы №32-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне 2026 жылдың 10 маусымынан бастап төмендегідей тариф бекітілді.
— жылу энергиясын өндіру қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 5229,48 теңге;
— жылу энергиясын беру және тарату қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4303,33 теңге;
— жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 386,40 теңге;
1 Гкал жылуға орташа босату тарифі ҚҚС-сыз – 9919,21 теңге, оның ішінде:
— халыққа 1 Гкал – 3381,31 теңге ҚҚС-сыз,
— бюджеттік мекемелерге 1 Гкал – 36098,21 теңге ҚҚС-сыз,
— басқа тұтынушыларға 1 Гкал – 8078,78 теңге ҚҚС-сыз,
— ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен жабдықтау – 4057,58 теңге.
Cараланған тарифтер:
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 2143,72 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4057,58 теңге, тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 135,56 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барақ типтегі үйлерде тұратын және орналасқан тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 3381,31 теңге, тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 112,96 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 5909,00 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 10504,36 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 33601,48 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 54133,56 теңге;
— ыстық суды жабдықтауға жеке есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін 1 адамға 1 айға – 649,21 теңге ҚҚС-сыз;
— ыстық сумен жабдықтауға жеке есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін 1 текше метрге – 233,30 теңге ҚҚС-сыз.
«ҚЖЭО» МКК-ны әкімшілігі.