Президентіміз Қ. Тоқаев жолдауында: «Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет» деген болатын. Бұл шаруашылық бағытындағы ғана емес, ауыз суға да қатысты болуы керек. Алайда, Президент айтқандай мұнайдан да, алтыннан да қымбат ауыз суымызды тиімді пайдалану әлі де қолға алынбай келеді. Мәселен, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны былтыр былай деді: «2024 жылы тұтынушыларға 17,2 млн.м3 су таратылды, оның 12,6 млн. м3жер асты су қорынан, 4,6 млн. м3 жер үсті су көзінен берілген болса, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 8,4 млн. м3 су таратылған, оның 7,3 млн. м3 жер асты су қорынан, 1,1 млн. м3 жер үсті су көзінен берілген. Бұл су қала көлеміндегі 85 433 тұтынушыға, оның ішінде, 80 900 тұтынушы – жеке тұлғалар, 248 – бюджеттік мекемелер, 4285 – шаруашылық және өзге де тұтынушылар» деді. Суды Сыр халқы көп ысырап етіп пайдаланушылардың қатарына жататына да айтылып жүр. Жаз шығымен су қысымы нашарлайды. Себебі тұтғындар ауыз сумен бақша сурады және шаң басу үшін есік алдына себеді дейді мамандар. Ал халық болса дарияның жағасында отырып аяқ суы жоқ қаламыз. Мұны жергілікті билік ұйымдастыра алмауды деп ренжиді.
Ауыз су тапшылығы – бүгінгі таңда жаһандық деңгейдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл сайын ушығып бара жатыр және оған бірнеше негізгі факторлар әсер етеді. Әлемдегі жағдай қалай. Қазіргі деректер бойынша, әлемде шамамен 2 миллиардтан астам адам таза ауыз суға тұрақты түрде қол жеткізе алмайды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, 2025 жылдарға қарай әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығы бар аймақтарда өмір сүруі мүмкін. Көптеген елдерде адамдар ластанған суды пайдалануға мәжбүр, бұл түрлі аурулардың таралуына әкеледі.
Негізгі себептері Халық санының өсуі – суға деген сұраныс артып жатыр. Климаттың өзгеруі – климаттың өзгеруі құрғақшылық пен су ресурстарының азаюына әсер етеді.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы – суды шамадан тыс пайдалану және ластау.
Су ресурстарының тең бөлінбеуі – кейбір аймақтарда су мол болса, кейбірінде өте тапшы. Ауыз судың жетіспеушілігі денсаулыққа қауіп төндіреді (ішек аурулары, инфекциялар). Ауыл шаруашылығына зиян келтіріп, азық-түлік тапшылығын туындатады. Әлеуметтік және саяси шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан жергілікті билік дария суын аяқ су ретінде жеткізіп, халық суды үнемдеп пайдалануды үйренгені дұрыс.
Айлуна Жаңабергенова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті