«Мультиктер» миды улап жүр

Қазірде бала тәлімгері мультфилімді түзе деп ешкімге міндетсіне алмайсың. Өйткені әлем желі әлдіге де, әмірге де бағынбайды. Тіпті, балаң да телефонға жабысып, түбің түскір ютубтен не түрлі мултьфилімдерді көріп отырғанда оған тоқтау жасау қиынырақ. Ал, мақұл, көрсең көр, бірақ тәрбиелісі көр деген қасқырға қой бақ дегенмен бірдей. Себебі, шетелдің мултиктері оғаштығымен баланы өзі тартып әкете береді. Мәселен  The Simpsons мултьфилімі отбасылық құндылықтарды жиі мысқылдайды. Әкесін ақымақ етеді, анасын надандық дәуірінің кейіпкері қылған. Баласы «өй осыларды қойшы» деп айта береді. Бұл баланың ойын өзгертпей ме. Балаларға арналмаған әзілдер тәрбиесіздікке алып барары ақиқат. Family Guyте қара юмор, зорлық және әдепсіз тақырыптар көтерілген. Балалар психикасына ауыр әсер етуі мүмкін екенін психологтар бұл өнім жарыққа шыққанда ақ сынаған. Бірақ, оның жолы кесе алмаған. Үлкендердің кішкента қызға деген зорлық әрекеттері дұрыс бинеде көрсетілген. Сырттай «сүйкімді», бірақ өте қатыгез көріністерге толы Happy Tree Friends сынаған сайын көрермен жинаған.

Қан, жарақат, өлім элементтері жиі кездесетін бұл муіллтьфилім қазір ютубтың ең мықты өнімі. Керек десеңіз оның кейіпкерлері жарнамаларда жүр. Әрине танымал болған соң. Сол секілді Masha and the Bearда кейбір психологтардың пікірінше, басты кейіпкердің тәртіпсіздігі балаларға теріс үлгі болуы мүмкін.

Балалардың ең көп көретіні орыс елінің шығарған «Маша и дедвет» атты өнімі. Бұл балалар фильімінің бүлдіршіндер психологиясына кері әсері жайлы айтылудай-ақ айтылып жүр. Кертартпа, заржақ, қырсық Машаның бұзықтығы қанша баланың қанын бүлдіріп, тәрбиесін бұра тартады өйткені. Ал, одан да сорақысы ашыналықты насихаттау болып отыр.

Бұл туындыны білмейтін адам кем шығар. Онда маша деген қыз, екі қасқыр, қоян, ешкі және үш аю бар. Оның екуі Мәнжу (аюдың еркегі), біреуі Керекей (аюдың ұрғашысы). Осы үшеуінің ортасында ұдайы теке-терес жүріп жатады. Теке-терес болғандада анайы. Мәселен Керекейдің төсін бұлтитып, жамбасын сылаңдатып қояды. Құдды сатылымда тұрған қыздардың жарнамасы іспеттес. Жүргенде көкірек анарын керіп, жамбасын бұлтаңдатып жүреді. Бұны бала тұрмақ үлкен адамның өзі көрсе ыңғайсызданып қалады. Ол ол ма әлгі қыз аю қайсысы басым түссе сонымен жүріп кетеді де, оңаша отырып сүйісіп, іскесіп, жаласып отырғаны.

Бір сериясында қара түсті Мәнжу великпен келе жатыр еді «Ох», деді де махаббат көзімен оған сүзіле қарап, жүгіре барып қолтықтай кетті. Сол кезде сары түсті аю машина мініп шықты. Керекей бір кезде есінен тана жақсы көріп, көзінен жүректің суреттері шығып оған жабысты. Одан әлгісі ұшақ мініп келді. Қайтадан анаған жүгірді. Қой әйтеуір қайсысы күшті соның қолтығында кете береді. Мұнымен мултьфилм нені насихаттап жатыр? Жастарға ашыналықты, тұрақсыздықты, ерте махаббат үйретіп жатыр емес. Бұлардың осы сюжеттен бөлек не түрлі ашыналықты насихаттайтын түсірілімдері өте көп.

Мұндай мультфильмдер жайыл мамандар былай дейді:

Қатыгездікке үйрету – кейіпкерлер бір-бірін ұрып-соғып, қорлап жатады

Әдепсіз сөйлеу – жаргон, дөрекі сөздер қолдану

Қоғамдық нормаларды бұрмалау – үлкенді сыйламау, тәртіпсіздік

Шынайы өмірді дұрыс қабылдамау – фантазия мен шындықтың шатасуы

Гиперактивтілік және агрессия – үнемі жылдам, айқайлы контент әсері

Сонымен қатар зорлық-зомбылық элементтері бар мультфильмдер балаларды агрессивті әрекеттерге бейімдеуі мүмкін. Жалпы балаға мултьфилім көрсетерде талғамсыз көрсете бермеңіздер. Шетелдің азғын түсірілімдері бала санасын улап, болашағымызды бүлдіре береді. Тәрбие тал бесіктен демекші бесігімізді түзейік.

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *