Тілшілер таудай болса дейміз

Қазір Ашық Үкімет емес, ашық халық болып барады. Себебі, билік халықтың қалтасындағы тиынның нешеуі соқыр, нешеуі қоқыр екенін білуге ғана құмар да, өздерінің ұрлықтары мен меншіктерін көрсетпеуде. Не түрлі кен орындары, қала ішіндегі биік биік ғимараттар, сауда орындары, бос жатқан жер телімдеріне дейін кімдікі екенін білмейміз. Сұрай қалсаңыз бәлеге қаласыз. Жай адам тұрмақ тілшілердің тісі батпай жүр бұл тақырыпқа.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет деген тапсырмасы әдірем қалып, әл дәрмені құрыған тілшілер болжам жасаудан аса алар емес. Сондықтан мемлекет халық үніне құлақ асамын десе тілшілерге тосқауыл болмауы керек. Қит етсе болды жеке нысан, құпиялық деп тілшіні жуытпай қояды. Мәселен, Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды деп жазған еді «SKIF» сайты бір кезде.

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады және ол қазір қоймада екен деген Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген.  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті. Сонда бұл жерде не құпиялық бар. Тілшінің көкірегінен итеріп, ақиқатты көрсетпеу деген бұл халықты басыну деген сөз емес пе? Минстрлерге, керек десеңіз депудаттарға қойылған сұрақтардың жауабы алынбай қалып жатады. Мұндайда тілші шарасыз күйде қалады.

Халықты тыңдайтын Үкіметке айтарымыз, арнайы тіркелген БАҚ өкілдеріне барлық жолды ашып қоюды және БАҚ көтерген мәселеге міндетті түрде жауап беруді талап етеміз. Бұл ел боламын деген биліктің ісі болар еді.

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *