Қазақ әдептерінің бірі меймандардң қолына балалардың, жастардың су құйуы. Су құйғанда да қолына шылпшын (леген), құман ұстап су құйяды. Бұның қазақ ортасында өзіндік қалыптасқан қағидаттары мен әдептері бар. Мәселен құманның бір қолымен тұтқасын, бір қолымен шүмегін ұстау, бата қайтарғаннан бастап су құйу, оң жақты ала жүріп су құйыу дегендей. Суды үш бөліп құяды, сарылдатып құйуға рұқсат етпейді. Себебі, мәйітке су құйғанда ғана ожаудағы су тусылғанша сырқып құяды. Бұл өмірі біткен адамдарға жасалатын амал. Ал, тірі адамға су құйғанда бөліп бөліп құйуы шарт.
Осы қолға су құйу жөнінде ислам ғұламалары «қолын шылапшынға жуудың әбестігі жоқ, керісінше өте жақсы амал» деп баға берген. Олай болса дін кітаптарындағы қолға су құйуға қатысты әдепке тоқталайық:
Егер жалғыз болса, түкіруіне болады. Өзге де адамдар болса, онда түкіру дұрыс емес. Егер біреу құрмет етіп қолға су құю ретінде шылапшынды ұсынса, қабыл қылу. Әнес ибн Мәлик (р.а) пен Сәби әл-Бунәни бірге тамақ ішеді. Әнес ибн Мәлик (р.а) Сәбитке шылапшынды ұсынады. Сәбит бірінші болып қол жуудан тартынады. Сонда Әнәс (р.а):
«Егер досың құрмет көрсетсе, құрметін қабыл ал. Негізінде ол Аллаға құрмет көрсетуде» дейді.
Риуаят бойынша Харун Рашид Әбу Муғауия деген соқыр ғалымды қонаққа шақырып, оның қолына өзі су құяды. Қолын жуып болған соң оған:
-Уа, Әбу Муғауия, қолыңа кім су құйғанын білесіңбе?-дейді.
-Жоқ.
-Суды мүміндердің әміршісі құйды,-деген кезде Әбу Муғауия:
-Уа, мүміндердің әміршісі, сен білімді құрметтеп, оны ұлықтадың. Білімді құрметтеп, ұлықтағаныңдай Алла Тағала да сені құрметке бөлеп, ұлық етсін,-дейді.
Бір мезетте бір шылапшынға бірнеше кісінің қол жууғанында тұрған ештеңе жоқ. Бұл кішіпейілділікке жақын, әрі ұзақ күтіп қалуды болдырмайтын әрекет. Егер бөлек-бөлек жуса әрқайсысының суын жеке-жеке төгудің қажеті жоқ. Қазақтың осы бәр әдебін бүгінде ұмытып бара жатырмыз. Келген қонақтар замануи жуынатын шүмектен қол жуып кіріп, ас қайтарылған соң өре түрегеледі. Қолға су құйуға дайындалып тұрған да баланы көрмейсің. Қайран әдеп осылай жоғалмасы игі.
Ибрагимов Дильшат,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының 4 курс студенті