Топонимиканың төркінінде ұлттық сана-сезім болуы керек

Қазірде ауылдардың барлығы адамдардың аталады. Бұлай ету дұрыс емес. Бұрын жер су атаулары жеке адамның атымен аталмаған. Ал, көшіп қонып жүрген ауылдар сол ауылдың байының не бір биінің, болмаса батырының атымен аталған. Мәселен жер атаулары Бозкөл, Жуантөбе, Жалағаш, Мақпалкөл дегендей атаулармен қала беретін болған. Бүгінге дейін солай жетіп еді, қазір Кеңес заманында басшылықта болған партакраттардың атына ауылды береміз деп жер атауларына адам аттарын беріп жатырмыз. Бұны қайта қарау керек,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, білім саласының үздігі, ақын, қарымды қаламгер Алдажар Әбілов бір сұхбатында.

Топонимиканың төркінінде ұлттық сана-сезім,  талғам жатқан, сол атаулардан айырылу ұлы болмыстан айырылу екенін еске салған ғалым «Елді-мекен» деген сөздің де дұрыс пайдаланылмай жүргенін тілге тиек еткен. Ел болған жер ел мекендейтін жер. Ал, елсіз жерді құла түз деп айтады жеп жөндеді.

Сонымен қатар балалар білім алатын орындарды батырдың атымен атамаған. Бұл қазақ ырымына қайшы екен. Яғни ол мектептен білім алдған балалар бұзықтыққа үйір болады деп ырымдаған. Ал, біздің елде батырдың атымен аталатын мектеп, жоғарғы оқу орны мен колледждер көп. Біз ұлы болмысымыздан ажырамау керекпіз деген ұстаз қазақ асханаларының жоқтығы да қынжылтады. Расында ғалым айтқан сөз ойланарлық. Неге ауылдарға аты берілген партакраттардың аттарын алып тастап, байырғы атауын беруге жұмыс жасамасқа.

 

Ибрагимов Дильшат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *